Шымкентте еңбекақысын талап еткен бір бала бағушы нәрестені балконнан лақтырамын деп қоқан-лоққы жасады

Полицияның ақпаратына сәйкес, бала бағушы болып істеген әлгі қыз осындай жолмен еңбекақысын өндіріп алмақ болса керек.

Қамауға алынған қыз қазір Шымкент полициясының 3-бөлімінде отыр. Тәртіп сақшылары баланың анасымен тіл қатыса алмады. Өйткені ол сұрақ кезінде мас болған.