Видео кадрларынан ер адамның баланы үйдің кіреберісінде кіргізіп, баспалдақ алаңында тұрғанын көруге болады. Сондай-ақ, сыртқы бейнебақылау камерасына жазылған видео тарап жатыр. Онда бір әйелдің үйге кіргенін, артынша ер адамның қашып шыққанын көруе болады. Ар-ұят құндылықтарына байланысты аталған видеоны жарияламауға шештік.
Полиция өкілдерінің айтуынша, күдікті ұсталды. Ол - Шымкенттің 1985 жылғы тұрғыны. Ол өз кінәсін мойындап отыр екен. 1
1 жастағы баланы дәрігерлер қараған. Қазіргі уақытта ол ата-анасымен үйінде. Оқиғаның өзге мән-жайы айтылмайды.