"Жүргізілген арнайы іс-шара нәтижесінде есірткі заттарының екінші айналымының тағы бір арнасы жойылды",- деп хабарлады баспасөз қызметінің бастығы Нұрлан Тасқымбаев.
Ол патрульдік полицияның жеке батальонының старшинасы есірткімен ұсталғандығын хабарлады. Тінту барысында оның шалбарының қалтасынан салмағы екі грамнан асып жығылатын героин табылған. Көлікті тінту барысында алдыңғы және артқы жолаушылар орындығының ортасынан жалпы салмағы бес грамнан астам марихуана табылған.
Оңтүстік Қазақстан облысының ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу басқармасы аталмыш дерекке қатысты полиция қызметкерінің үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Құрықталған азамат ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу изоляторына қамалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті