Шымкентте футбол арбитрлары курсы ашылды

Курстардың тыңдаушылары жас футболшылар. Евгений Шкариннің пікірінше, ойын тәжірибесі болашақ төрешілерге өз міндеттеріне жауапты қарауға мүмкіндік береді. «Төреші жұмысы тек сырт көзге ғана оңай. Бірқатар ел: төреші алаңға шығып, әрлі-берлі жүгіріп жүрді деп ойлайды. Шындығында ол күш-қуаты мықты және психологиялық тұрғыдан орнықты болуы керек. Психикаға ойыншылардан да, жанкүйерлерден де көп қысым түседі», - деп түсіндіреді футбол судьясының жұмыс жағдайын Е.Шкарин.

Қазіргі күні арбитрлер мектебінің партасында 36 спортшы отыр. Тәлімгер оларға теория мен тәжірибеден дәрістер оқуда.