ТЖМ ақпаратына сәйкес, Шымкент қаласының Турланская экспедиция ауылында 18 қыркүйекте сағат 12.20-да орта қысымды жер асты құбырынан газ шығып жатқаны анықталған.
Газ шығу тиекті жабу арқылы тоқтатылды. 47 көп қабатты үй мен 160 жай үй газсыз қалды. Апаттан қалпына келтіру жұмыстары сағат 18 00 -де аяқталды. Барлық көп қабатты үйлер мен жай үйлер секторындағы 154 абонентке газ жіберілді. Қалған 6 үйді қосу үшін жер асты газ құбырын салу қажет.