Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шымкентте Майлы қожа және Тяжев көшелерінің қиылысында 3 шілдеде 16 сағат 37 минутта пайдалану қызметі орта қысымды, диаметрі 219 мм-лік жер асты газ құбырынан газ шығып жатқанын анықтаған.
Апат салдарынан 22 шкафты-тарату бөлімдері газдан ажыратылып, 13 тұрғын үйге (365 абонент) және жай үйлер секторындағы 403 абонентке газ жіберілмей қалды. Апаттың салдарын жоюға "Қазтрансгаз-Аймақ" ЖШС-нің мамандары тартылды.