Шымкентте газ құбырындағы апат салдарынан 166 үй газсыз қалды

ТЖМ мәліметінше, 23 қаңтарда 18 сағат 35 минутта газ құбырының тұрбасынан газ шықты. "Зақым келген учаске тиекпен жабылды, газдың шығуы тоқтатылды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазіргі жағдаймен 166 жай үй газсыз қалды. Қалпына келтіру жұмыстары бүгін жүргізіледі.