Шымкентте газ құбырының ақауы салдарынан 90 үй газсыз қалды

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, кеше 14 сағатта Әлімбеков көшесіндегі сыртқы газ құбырында екі тіректің жоқтығынан құбырға ақау келіп, дәнекерленген тұсында жарық түзілді. Газдың шығуына жол бермеу үшін тиек түсірілді. Соның салдарынан 90 жер үйге газ жіберілетін шкафты-таратқыш подстанциялар газсыз қалды. Бүгін қалпына келтіру жұмыстары басталды. Көгілдір отын кешке қарай беріледі деп күтілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті