"19 ақпанда 16 сағатта "Қазтрансгаз-Аймақ" компаниясының апаттық-диспетчерлік қызметінің диспетчерінен жоспарлы тексеру кезінде төмен қысымды жер асты газ құбырынан табиғи газ шығып жатқаны анықталған. Соның салдарынан 35-ші шкафты-тарату пункті газ қамтамасыздығынан ажыратылды", -делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, соның салдарынан 11 панельді үй - 254 абонент, 3 жай үй, 2 балабақша мен 3 өнеркәсіптік нысан газсыз қалды.
Бүгін таңертең қалпына келтіру жұмыстары басталды.