Ақпарат көзінің айтуынша, 6-тамызда Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің бір басқармасы бастығының орынбасары болып табылатын полковник сыбайласымен бірге ұсталды. Ақпарат көзінің хабарлауынша, әлгілер 4 келі героин сатуға әрекет жасаған.
Полковниктің үйіндегі тінту кезінде 19 мың АҚШ доллары мен "Макаров" тапаншасының 19 оғы табылды. Ақпарат көзінің айтуынша, бұл ақша есірткі саудасынан түскен.