Қала әкімшілігінің мәліметтеріне сүйенсек, қалада ипотекалық бағдарлама бойынша салынатын 196 көп қабатты үйдің небәрі 100-і ғана пайдалануға берілген.
2007 жылдың желтоқсанында "Нұрсат" ықшамауданында тұрғын үй салу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның бірінші кезеңі аяқталуға тиіс. "Бүгінде мемлекеттік ипотекалық бағдарлама бойынша салынып жатқан "Нұрсат" ықшамауданында небәрі 100 үй ғана пайдалануға берілген, 70-тен астам үйдің құрылысы тіптен басталмаған, ал 11 нысанның құрылысы тоқтап тұр",- деп атап өтті қалалық әкімшіліктегі жиналыста.
"Келесі жылы құрылыс материалдарының одан әрі қымбаттайтындығына байланысты біз құрылыс жүргізіп жатқан мердігерлерге құрылыс материалдарын сатып алу үшін қаржы аударған болатынбыз. Бірақ жекелеген фирмалар бұл қаржыны мақсатсыз пайдаланған",- деп хабарлады әкімшіліктің өкілі.
Ол сондай-ақ, құрылыс салуды сөзбұйдаған салып жүрген мердігерлерге қатысты барлық іс сотқа жіберілген, ал түрік елшілігімен осы елдің бір фирмасына қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп атап өтті.
Қала әкімі Анарбек Орман аталған жағдайларға көңілі толмай, бұл мәселені қысқа мерзім ішінде шешуді талап етті.
"Ең басты мәселе- кінәлілердің осы күнге дейін жазаға тартылмағандығы. Себебі барлығы бір- бірімен байланысты. Сіздер, олардың бәрін жамандағандарыңызбен, бірақ іс жүзінде құқықтық негізде нақты шара қолданылмауда. Мемлекеттік бағдарлама толық орындалмай, 70 астам үй салынбай қалған",- деді ол.
Сондай-ақ, мемлекеттік бюджетке сатылған пәтерлердің ақшасының қайтарылуы да қиындық туғызып отырғандығы хабардар етілді. Бүгінде мемлекетке 5 млрд 300 млн теңге қайтарылуға тиіс, ал бюджетке небәрі 4 млрд 800 млн теңге ғана түскен. Қалған қаражаттың түспеуіне ипотекалық несие беруге мораторий жариялаған банктер кінәлі. Мемлекеттік бағдарламаның орындалуына тұсау болып отырған банктерге қатысты мәселе де сот арқылы шешілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті