«Бұл - ҚР ІІМ-нің ішкі әскерлерінің самбо бойынша біріншілігі. Ол ІІМ-нің ІӘ-ның жыл сайынғы Х-шы спартакаидасының аясында өтуде. Жарыстардың мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау»,
- деді жарыстардың бас төрешісі, ІӘ дене тәрбиесі дайындығы мен спорт қызметінің бастығы Жамболат Ахметов.
Жарыстарға ІІМ ІӘ-нің Алматы, Қарағанды, Орал, Өскемен, Петропавл, Шымкент қалаларындағы бөлімдері мен құрамаларынан 7 команда, сондай-ақ ҚР ІІМ ІӘ Петропавл қаласындағы әскери институттың командасы қатысуда.
Спартакиада аясында сондай-ақ қол жекпе-жегі, әскери үшсайыс, кір спорты бойынша жарыстар жоспарланған.