Шымкентте итке таланған жігіт көз жұмды

Мұқан Әшірбаев, марқұмның әкесі:

-Ауылдың учаскелік дәрігеріне жібердім баламды. Өзім  итпен алысып кеттім ана жақта, қапқан итті  ұстаймын деп. Сөйтіп, үлкен балам барса кезекші дәрігер «бүгін сенбі қабылдамаймыз» депті. Қолынан қан ағып тұрғанына қарамастан .

Бір-біріне сілтеген дәрігерлер ақыры бірнеше екпе жасап, Бағдат Әшірбаевты үйіне қоя берген. Бір ай бойы үйінде жатқан ол хәлі нашарлап, жарық пен судан шошып есеңгіреген соң сәуірдің 4-іне ауруханаға жеткізіліпті. Сөйтіп,  4 күннен соң көз жұмған. Дәрігерлер болса дер кезінде құтыруға қарсы екпе жасағанын айтып ақталды. Осыдан кейін арнайы комиссия құрылып, жіті тексеру жұмыстары басталыпты. Бірақ қортыныдысы жуырда шықпайтын түрі бар. Жалпы оңтүстікте соңғы 3 айда құтырудан 4 адам көз жұмған. Арасында мектеп оқушысы да бар. Ал осы қауіпті індеттен соқталдай жігіт өлген соң ғана, дәрігерлер алашапқын боп оның жақындарын емдеп жатыр. 

Loading...