Шымкентте кәсіпкерді соққыға жыққан полиция қызметкері сотталды

Баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасына сәйкес, биылғы жылдың ақпан айында учаскелік инспектордың көмекшісі ұялы телефон сататын бутик иесінің қызметін бірнеше рет және заңсыз түрде тексерген.

«Жеке кәсіпкердің қызметінен заң бұзушылық таппаған соң ол қарамағына алып бақылап жүретінін айтып ақша талап еткен. Келіспеген соң ол кәсіпкерді қызметтік көлігіне отырғызып, бірнеше рет бетінен ұрып, жағын сындырған.
Осы факті бойынша облыс прокуратурасыны арнайы прокуроры полицияның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 308-бабы бойынша (қызметтік бабын асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғады.
Полиция қызметкерінің кінәсі дәлелденіп, соққыға жығу фактісін көрген куәгерлер анықталған.