Шымкентте кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасалды

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 11-мамырда таңертеңгі сағат 8де Шымкенттегі бір үйде оқ атылған. Көршілер үйге кірес берісте бір жаралы еркекті тауып алады. Ол 28 жастағы кәсіпкер жігіт болып шықты.

Қылмыс орнына келген тәртіп сақшылары жігіттің өз пәтерінен бір таныс әйелмен бірге шыққанын анықтады. Үйге кіре беріс жерде оны қарулы екі жігіт тосып тұрған. Олар кәсіпкерге қаратып екі оқ атып, көрші подъездің алдында тұрған көліктеріне мініп іздерін жасырған.
Жараланған жігіт ауыр жағдайда жедел жәрдем аурухунасына жеткізіліп, оған шұғыл операция жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, оқ-дәрі бөлшектері бүйрегі мен ішегіне тиген жігіттің жағдайы ауыр деп бағалануда.
Тәртіп сақшылары автокөліктің номері мен түрін шұғыл анықтап, оған іздеу жариялады. Тергеушілердің болжамы бойынша, бұл - тапсырыспен кісі өлтіруге жасалған әрекет болуы мүмкін. Тергеу амалдары жалғасуда.