Әбдімәлік Көмекбаев, «Нан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
-Бұрын біз әлеуметтік ұнды 2300-ден бір қабын алатын едік 50 келісін. Қазір, енді ол 2700-ге көтерілді. Біз 35 теңгеден сауда нүктелеріне нанды жеткізіп, ол 37 теңгеден сатылатын болып белгіленді.
Наубайханашылар мен әкімдік 37 теңге деп белгілесе де, Шымкентте бұл бағада нан сатып жатқандарды табу қиын. Екі теңге үстемемен пайда таба алмаймыз деген сатушылардың көбі оны бәрібір 40 теңгеге бағалауда.
Әкімдік пен наубайханашылар бұл бағаны 3 ай ұстап тұрмақшы. Қазақстандағы ең арзан нан онсыз да Шымкентте екен. Мәселен, Қарағандыда бір бөлкенің бағасы 52 теңге тұрса, Ақтөбеліктер нанды 55-тен, ал Ақтауда тіпті 60 теңгеден алады. Ал онсыз да көтерілген бағаны қолдан өсіріп отырған шымкенттік саудагерлер нанды 40 теңгеден түсірмейміз дейді.
Мүбәрәк Қазақбаева, сатушы:
-Орын бар, салық, бар анау-мынауға беретініміз бар. Сол үшін 5 теңгеге біз көтеруіміз керек. Біздің сатуымыз керек 5-10 теңге хотя бы қалдыруымыз керек.
Loading...