Шымкентте кәсіпкерлер өз нысандарына кіре алу мәселесін шешу үшін аштық жариялауды көздеп отыр

Телеарнаның хабарлауынша, сот шешімімен "Базар" АҚ аумағындағы 36 сауда павильонын жабуға мәжбүр болған. Павильон иелері бүгін өз нысандарына кіру мәселесін талап етіп, қарсылық акцияларын өткізді. Кәсіпкерлер егер жағдай орнынан жылжымаса аштық жариялаймыз деп қорқытып отыр.

Осы сауда нысандарының иелері мәселені шешу үшін қалалық және облыстық әкімдіктерге, Шымкенттің Әл-Фараби ауданының прокуратурасына шағым жолдаған. Алайда, көріп отырғанымыздай, еш нәтижеге қол жеткізе алмаған.