"Филиалды ашудағы мақсат - Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу мен халық арасында насихаттау, жастарды тәрбиелеу, қазақ тілін насихаттау және жас жазушылармен жұмыс істеу", - деді бөлімшенің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген халықаралық клубтың вице-президенті әрі филиал директоры Жолдасбек Кузеубаев. Оның айтуынша, бұл филиал еліміздің үш облысы - Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстары арасындағы жалғыз бөлімше болмақ.
Шымкенттегі Абай ескерткішінің жанындағы филиал ғимараты клуб қаржысына салынған.
Халықаралық Абай клубын Қазақстан президенті Нұрсултан Назарбаев 1995 жылы Лондонда ашқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті