"Іс-шараның басты мақсаты - ұлттық анимациялық мәдениетті насихаттау. Мультфильмдер арқылы жастарды отаншылдыққа тәрбиелеуге болады",- деп мәлім етті кездесуге қатысушылар.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, мұндай фестиваль өткізу жөніндегі бастаманы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі көтерген. Фестивальде 20 елден, соның ішінде АҚШ, ТМД елдері мен Қытайдан келген аниматорларды жинау жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті