Оның айтуынша, жуырда қаржы полициясына шағымдана келген әйел Халыққа қызмет көрсету орталығының бір маманы өзінен үй құжаттарын қайта рәсімдеп тіркеу үшін 25 мың теңге талап еткенін хабарлаған.
"Қаржы полициясының қызметкерлері осы өтініштің негізінде шұғыл іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратының дәлізінде 20 мың теңге алып жатқан сәтте №2 жедел қызмет көрсету орталығының курьері қолға түсті", - деді Ж. Мамытова.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір ұсталған курьердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының 2-тармағы (алаяқтық) және 28-бабының 4-тармағы; 312-бабының 2-тармағы (пара беруге арандату) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.