Шымкентте "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнқағаздары тағы да табылды

Ықшамаудан тұрғындары, аула сыпырғыштар мен үй комитеттері басшыларының айтуынша, соңғы бірнеше күн бойы ықшамауданда "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының қазақ тілінде жазылған үнқағаздары табылған. Олар үйлердің аулалары, кіреберістер мен пошта жәшіктерінен табылып отыр. Үнқағаздарда Өзбекстан президенті мен үкіметіне қарсы пікірлер айтылып, наразылық шаралына үндеу жарияланған .

Үнқағаздардың нақты саны мен оларды таратушылар белгісіз болып отыр. Полиция мен Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметтері бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.