Үнқағаздарды таратушы - Шымкенттегі бір Жоғары оқу орнының 5-курс студенті болып шықты. Одан 230-ға жуық үнқағаз тәркіленді. Тұтқындалған күдікті үнқағаздарды өзіне мешіт алдындағы алаңда бейтаныс ер адамның беріп кеткенін, онда жазылған дүниенің мазмұнынан бейхабар екенін жеткізді. Ол барлығы 250 үнқағаз алып, 20-сын таратып үлгергенін мойындады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, елімізде "Хизб-ут-Тахрир" ұйымын жақтаушылардың іс-қызметі биылғы көктемнен бастап жандана бастады. Бұған дейін Шымкентте ұйымның үнқағаздарын таратушы бірнеше адам ұсталған болатын, алайда оларға қандайда бір жаза жүктетілген жоқ.