Шымкентте кішкентай бүлдіршін дәретханаға құлап кетті


-Ұзын жіптен ұста, ол беліңдегі жіптен ұстама.

-Ұстадың ба?

-Мен көтеріп шығарам, еш қорықпа.

-Жақсы қыз екен ғой бұл.

Баланы өз бетінше алып шыға алмаған ата-анасы құтқарушыларды шақырған. Көп ұзамай жеткен мамандар бүлдіршінді шұңқырдан  альпинистік құралдардың көмегімен алып шықты. Егер, тағы бірнеше минутқа кешіккенде қыз бала тұншығып қалуы әбден мүмкін екен. Аман қалған баланы ауруханаға апармай, әке-шешесінің жанында қалдырды.