Шымкентте кішкентай қызға қол жүгіртті деп айыпталған ақсақал қайтыс болды

Қартайған шағында ерсі қылық шығарған оның жүрегі ауырады екен. Соңғы 3  жылда ауруханаға да жиі түсіпті. Тек көршілері зәрезап болған шалды дәрігерлер мақтап отыр. Тәртібі де, өзін-өзі ұстауы да жақсы еді дейді. Ал марқұмның ерсі қылығын теледидардан көргенде, жағаларын ұстаған. Бірақ соңғы жылдары қарттың жағдайы кері кеткенін де жасырмайды. Кішкентай қыздың қолын шалбарына салған ақсақалды көршілері телефонға түсіріп, аула алдында шу шығарған болатын. Осыдан кейін полицейлер алып кеткен қарттың жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізілген екен.

Еркеғали Шерханов, ревматолог:

-Бұл жолы енді айқын ентігумен, аяқтары ісінумен келіп түсті. Әр жатқан сайын көмектесіп шығаратынбыз, бұл жолы енді өкінішке орай 10 маусым күні қайтыс болды.

Loading...