Ю.Пактың айтуынша, тұтынушылардың көгілдір отын ұрлауы салдарынан "ҚазТрансГаз" айына 60 млн. теңгенің шығынына ұшырап отыр. Тұтынған көгілдір отын төлемінен жалтарып қалу үшін тұрғындар түрлі айла-шарғыларға барады. Атап айтсақ, газ құбырына білермендікпен қосылу, есептегіш құралдармен түрлі махинациялар жасау т.т.
Газ құбырына өз бетімен қосылу немесе басқа да жолдармен көгілдір отын ұрлау туралы деректерді жеткізгені үшін ұрланған газ құнының 30 проценті көлемінде сыйақы төленбекші. Қазір бір текше метр көгілдір отын құны 11,385 теңгені құрайды.