Бұл туралы "Отырар" телеарнасының тілшілері хабарлап отыр, деп жазады Sn.kz.
Төрт баланың да "Көк кит" қауіпті интернет ойынын ойнағаны белгілі болып отыр. Олар ата-аналарының үйде жоқтығын пайдаланып, барлығы бір үйде жиналған, сөйтіп тамырларын кескен.
Балалардың қазіргі жағдайы белгісіз. Құқық қорғау органдары бұл істің мән-жайын анықтап жатыр. Жеткіншектерді қауіпті ойынды ойнауға не итермелегені де тексерілетін болады.