Шымкентте көлік көшеде өртеніп кетті

Шымкентте көлік көшеде өртеніп кетті. Оқыс жағдайға қысқа тұйықталу себеп болды, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері мен үш техника дереу жеткен. Өртке қысқа тұйықталу себеп болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.