Шымкентте көліктің газ құбырына соқтыққандығынан жеке секторда тұратын 895 пайдаланушы көгілдір отынсыз қалды

"Шымкентте 20 наурызда 23 сағат 45 минутта "Қазтрансгаз-Аймақ" апатты-диспетчерлік қызметінің кезекшісінен "Тойота-Камри" көлігінің 89 және 86диаметрлі орта қысымды газ құбырына ұрынғандығы жөнінде хабары келіп түсті. Соның салдарынан 21 шкафтық тарату пункті өшіріліп, 895 пайдаланушы көгілдір отынсыз қалды", - деп түсіндірді ТЖМ.

"Қазтрансгаз-Аймақ"АҚ апатты жағдайларды жою бригадасымен қалпына келтіру- жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 11 адам және бір техника жұмылдырылды.