Шымкентте колледж оқытушысы студенттен грантқа көшіру үшін ақша талап еткен

Қаржы полициясының хабарлауынша, колледж оқытушысы студентті ақылы бөлімнен грантпен оқуға көшіру үшін 125 мың теңге талап еткен. Алайда, оқушының әкесі қаржы полициясына хабарлап, оқытушы қылмыс үстінде құрықталды.

Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177 бабы бойынша (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.