Шымкентте көмірқышқыл газынан улану салдарынан үш бала қаза тапты

Мекеме ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 2-ші Зеленая балка көшесінің бойындағы бір жер үйде болған. 20-наурыз, сейсенбі күні 15 сағат 3 минутта бұл үйде 22 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шыққан. "Үш-бес жас аралығындағы үш қыз бала өрт салдарынан көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жеткізу барысында қайтыс болды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметі 15 сағат 48 минутта сөндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті