ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 15 сәуірде 16 сағат 18 минутта Шымкент қаласында "Қазтрансгаз-Аймақ" АҚ диспетчерлік қызметінің кезекшісінен № 160 төмен қысымды газ құбырының сыртқы суырмасының белгісіз біреулермен жабылғандығы жөнінде ақпарат келіп түсті. Соның салдарынан көп қабатты 12 баспана (870 пәтер) мен алты жай үй тұрғындары көгілдір отынсыз қалды.
Баспасөз қызметінде хабарлағанындай, төтенше жағдайды ауыздықтау жұмыстарына "Қазтрансгаз-Аймақ"АҚ апатты жою бригадасы жұмылдырылды. Газ бүгін сағат 9.00 қосылады.