Шымкентте көп қабатты үйдің терезесінен 2 жасар ер бала құлап кетті

«Баланың жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде», - деді облыстық балалар ауруханасының хирургия бойынша бас дәрігердің орынбасары Болат Нұсқабаев.

Оның айтуынша, бүлдіршін ауыр жарақаттанған: миы зақымданған, гематома, 2-3 дәрежелі тарвматикалық шок алған.

Алдын ала деректер бойынша, ол 17-ші шағын аудандағы көп пәтерлі үйдің 4-ші қабатынан құлаған, ол терезе торына сүйенген болуы мүмкін.