Шымкентте көп қабатты үйлердің 16% жылу таратушылардың қызметін тұтынуға шартқа отырудан бас тартуда

"Қала тұрғындары өз үйлеріне қызмет көрсету мен жылу беруге дайындау жұмыстарына 3-ші ЖЭО мен тұрғын үй пайдалану басқармасының мамандары тұрғындармен арадағы келісімге қол қойылғаннан кейін ғана кірісетінін ұмытпауы керек. Құжатта пәтер қожайындарының кем дегенде 60%-ның қолдары тұруы қажет", -деп мәлімдеді жылу беруші ұйым өкілдері.

Алайда, өткен жылыту маусымында жылуды дұрыс сапада ала алмаған тұрғындар шартқа қол қоюға келіспей отыр.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Еңбекші ауданы шарт жасасу жұмыстарын 87%, Әл -Фараби ауданы - 62%, Абай - 67% орындаған. Шымкентте барлығы 1714 үй орталықтандырылған жылу алады.