Апат кезінде су құбыры да зақымданыпты. Осының кесірінен 5 мыңнан астам шымкенттік біртәулік сусыз отырды. Дегенмен, қалалық әкімдік көпірді қалпына келтіруге құлықсыз. Темір өткелді кезінде тұрғындар өздері салған екен. Сондықтан жергілікті бюджеттен оған бір тиын да бөлінбейтінін айтады. Тек, күн жылынғанда оны демеуші табылса жөндемекші. Ал, әзірге тұрғындар қираған көпірмен тәуекел деп өтіп жүр.