Шымкентте коронавирустан көз жұмған науқас туралы айтылды

"1942 жылы туған әйел, Шымкент қаласының Абай ауданының тұрғыны . 78 жастағы науқас ЖРВИ, пневмония диагнозымен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жедел медициналық жәрдем желісі бойынша жеткізілді. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша COVID-19 диагнозы анықталды", - деді басқармада.

29 сәуірде науқас реанимация бөліміне ауыстырылып, ауыр жағдайға байланысты ӨЖЖ аппаратына қосылды.

Ілеспелі аурулар: 3-дәрежелі артериялық гипертензия, жоғары қауіп тобы, созылмалы бронхит. Емдеу хаттамасына сәйкес пациентке емдеу шараларының толық көлемі жүргізілді.


"Жүргізілген реанимациялық іс - шараларға қарамастан, 3 мамыр күні сағат 10:20 - да науқас қайтыс болды", - деді медицина қызметкерлері.