Шымкентте көше сыпырушы қыз-келіншектер құрметке бөленді

Облыстық жастар орталығының еріктілері ертелеп шығып, көше сыпырып жүрген қыз-келіншектерге гүл сыйлап, ыстық шәй мен тәтті тоқаш ұсынды, деп хабарлайды 24.кз.

 Ал өнерлі жастар болса домбыра мен баянның сүйемелдеуінде ән салып, өлең оқып берді. Ертелі-кеш еңбек етіп, қала тұрғындарына тазалық сыйлайтын жандарды ортаға алып, би де биледі. Жастар мұны бізге жасаған жақсылығына қайтарым деп түсіндірді.

Гүлдана Бестаева, жұмысшы:

- Осындай ауыр жұмыста жүрген уақытта гүл сыйлап, құттықтап жатқанына әрине көңіліміз көтеріліп қалды. Өте көтеріліп қалды. Үлкен рақметімді айтамын.

Айбар Камал, ерікті:


- Біздің қаланы тазалап, көңіл-күйімізді көтеріп жатқан аға-әпкелеріміз бар. Соларға алғыс айтып, көшеде концерттік бағдарлама қойып, гүл беріп жатқан жағдайымыз бар.

 

Ұқсас тақырыптар:

Мемлекет басшысы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында көп балалы аналарды марапаттады

8 наурыздың тарихын білеміз бе?