Шымкентте көші-қон комитеті облыстық басқармасының қызметкері парақорлығы үшін ұсталды

"Департамент қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облыстық көші-қон комитеті басқармасының қызметкерін өз жұмыс бөлмесінде 40 мың теңге көлемінде пара алып жатқан сәтте қолға түсірді",- деді С.Өтембаев.

Оның айтуынша, басқарма маманы бұл ақшаны жуырда ғана тарихи отанына келген репатрианттан талап еткен. "Бұл ақшаға ол оралманды квота алушылардың тізіміне енгізіп беруге күш салуға уәде берген",- деді С.Өтембаев. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті