Алайда, әзірге дәл қанша жеміс-жидек ағаштары мен плантацияларын суық ұрғанын тап басып айту мүмкін емес, шығын көлемі кейінірек есептеледі, деді ол. И.Тұрсынқұловтың хабарлауынша сондай-ақ, жүзім плантациялары әлі де толық көктей қойған жоқ, қазір тек жүзімнің ерте пісетін сорттары ғана өсіп тұр, қардан осындай түрлер зардап шегетін болды.
Шымкенттік тілшінің хабарлауынша, 5-сәуір, дүйсенбіде қаладағы сынап бағанасы 31 градус ыстықты көрсеткен. Ал кешке қарай күн райы шұғыл суытқан. Кешқұрым басталып, түні бойы жалғасқан жаңбырдың соңы 6-сәуір күні таңертең қалың қарға ұласты. Күні бойы жауған қардың қалыңдығы 10 сантиметрден асқан. Соның алдындағы күнгі ыстықтан бусанып жатқан жерге түскен қар тез еріп кетті. Түнге қарай Шымкентте ауаның температурасы 0 градусқа дейін төмендеген, бірақ қатқақ болған жоқ. Бүгін, 7-сәуірде облыстың кей жерлерінде сынап бағанасы 0 градустан төмендеді.