Шымкентте күзетшілер ақыл-есі кем қызды жабылып зорлаған

Мөлдір Жанұзақованың туғаннан ақыл-есінде кінәрәт бар. 18 жасқа дейін үйінде болып, кейін ата-анасы оны өзі сияқтылармен бірге болсын деп Шымкенттегі №2-ші психоневрологиялық диспансерге берген. Енді екі ай өтпей, санитар мен күзетшіден зорлық көріп отыр дейді анасы.  

Ұлжан Сейітжаппарова, Мөлдірдің анасы:

Бақыт деген күзетші  екеуі кабинетке алып келген. Бақыт сырттан қарап тұрған.  Ішіп алған  Серік қызымның әр жерін ұстап шешіндірген. Оның шешіндіріп не істегенін білмеймін. Соның өзі психологиялық салмақ түсіреді.  Сонда осы жердегі жатқан әрбір қызға солай істеуге  бола ма?

5 күн бұрын болған оқиғаны қыз басқаларға айтуға қорқыпты. Санитар мен күзетші аузыңды ашсаң өлесің деп ескерткен екен.

Мөлдір Жанұзақова:

Бар жерімді шешті.

 –Іш киіміңді  ма?

 –Иә.

Дамбалыңды?

– Иә.

 Ұстадыма?

– Иә.

Сен қойыңыз деп айттың ба?

 – Өйтпеңіз, кетіңіз десемде кетпейді.

Сен жыладың ба?

 –Ие.

Айғайладың ба?

 – Айқайлауға қорықтым, күзетші болды қасымда. Айғайлама деді. Қыздардан сұрадым. Басқаларына да тиіседі екен.

Ал, психоневрологиялық диспансер басшысы болса бұл жәйтті бүгін естідім деп азар да безер. Мекемедегі науқастар күнде тексеруден өтеді екен. Олар Мөлдірдің денесінде жарақат жоқ. Қыз зорланбаған деген қорытынды жасаған. Ал, санитар Серікті бірнеше күн бұрын ішіп алғаны үшін шығарыпты.


Мырзахан Жолтаев, ОҚО №2 психоневрологиялық диспансерінің директоры:

-Аузынан арақтың иісі шығып тұр екен. Жұмыс уақытында неге іштің десем, құдалықтан келдім. Содан қалға иіс шығар деді. Сондай жағдайын білгенде арыз жазып көзін құртатын едім. Полицияға не сотқа беріп.

Жанжал Шымкенттегі №2-ші психоневрологиялық диспансерде бұған дейін де болған. Бір жыл бұрын мекеменің бұрыңғы басшысы Әзімхан Исмаиловқа 100 миллионнан астам қаржыны жымқырды деген айып тағылған еді.

-Полиция санитар мен күзетшінің науқас қызға қаншалықты қысастық қылғанын анықтап жатыр. Диспансер ұжымына сенсек қызға ешкім тиіспеген және оны науқастың сандырағы деп отыр. Ал Мөлдірдің туыстары енді тәуелсіз сарапшыларға қыздың денесін түгел тексертпек. Себебі, диспансердегі емделушілердің айтуынша бұл мекемеде зорлық-зомбылық бұған дейін де жиі болған көрінеді.