"Лаңкестік қылмыстарға қолдау көрсетті деген айып тағылған бір топ адамға қатысты қылмыстық сот процессі тергеу қапасында жабық түрде өткізіледі ", - деп хабарлады сот хатшысы.
Соттың бірінші отырысында айыпталып отырғандардың туған -туыстары жанжал шығарып, оларды тыныштандыруға талпынған сот приставтарына қарсылық көрсеткен болатын. Судья істі жалғастыру үшін біраз уақытын кетіріп, процеске қатысқандарды тәртіпке шақырып, айыпталып отырғандарға сұрақ қоя бастаған. Ал түске қарай сот ғимаратының алдында бір топ белгісіз адамдар жиналды. Осындай жағдайларды ескере отырып, сот процессін жүргізген судья Шара Беисембиева сот талқысын сот ғимаратына қарама қарсы тұрған тергеу қапасында жабық түрінде өткізу жөнінде шешім қабылдады.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Шымкенттік Әль-Фараби ауданында лаңкестік акцияларын дайындамақ болды деген айыппен 15 Қазақстан азаматына қатысты сот отырысы басталды. Тергеудің мәліметтері бойынша, айыпталып отырған азаматтар діни ағымдағы салафиттердің жихадтық қанатының мүшелері болып табылады. Сот алдына тартылғандарға лаңкестік топты құрып басқару, қоғамдық жерлерде ашық түрде лаңкестікке шақырудың үгіт- насихатын тарату сияқты ҚР Қылмыстық кодексінің барлығы 9 бабы бойынша айып тағылып отыр.