Шымкентте ломбардқа қарақшылық шабуыл жасалды

Бүгін таңертең Шымкенттің 11-шағын ауданында орналасқан ломбардқа шабуыл жасалды, деп хабарлады tvk-uko.kz сайты.

Ресми расталмаған мәлімет бойынша, қаскүнемдер «Сейф-ломбард» қызметкерлерін травматикалық тапаншамен қорқытқан. Кассир қыз зардап шекті. Шабуылдың қалай болғаны, қанша ақша тоналғаны әзірге белгісіз.

Қазір оқиға орнында полицейлер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.