Шымкентте "ЛТД Тұрмыс" жұмысшылары тағы да жалақы төлеуді талап етті

"Біз тіпті ақша-қаражатсыз жұмыс істеуден, тиісті жалақыны төлеуді талап етуден шаршадық", -дейді қызметкерлер. Кәсіподақ ұйымдарының өкілдерінің есептеуінше, жалақы берешегі 186 млн теңгені құрайды.

Бұл мекеменің жұмысшылары жалақы берешегін өтеуді талап етіп бұдан бұрын да әкімдіктің жанында 7-8 мәрте пикет өткізген. Алайда, әкімдіктегілер жалақы берешегі төленеді деп уәде беріп қайтарумен келеді.