Шымкентте медқызметкерлерді аза тұту күнінде далаға шығарды: Видео көпшіліктің наразылығын туғызды


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Әлеуметтік желіде видеосы тарап жүрген ақ халаттылардың қатысуымен өткен іс-шара Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы тарапынан ұйымдастырылмағанын ресми түрде мәлімдейміз. Бейне-роликтегі туберкулез диспансері Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекеме болып табылады", -деді қала әкімігінде.