Шымкентте мемлекеттік университеттің әйел оқытушысы ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қаржы полициясына Оңтүстік Қазақстан облыстық М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетінің 4 курс студенті шағымдана келген. Ол оқытушы әйелдің дипломдық жобаны алу үшін 50 мың теңге талап еткенін хабарлаған.

"15 сәуірде оперативтік іс-шара кезінде қаржы полициясының қызметкерлері осы университеттің операторын 48 мың теңгені алып жатқан кезде қолға түсірді, ақша әлгі оқытушы әйелге берілуге тиіс болған", -делінген хабарламада.

Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Жұпар Мамытованың айтуынша, қазір 45 жастағы әйелдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің заңсыз сыйақы алу жөніндегі 224-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.