ОҚО ТЖД мәліметтері бойынша, төтенше оқиға бүгін түске дейінгі уақытта болған. Оқиға орнына 11 техника мен 93 адам жұмылдырылды.
Өрт шалған ғимараттан 4 адам қауіпсіз жерге шығарылды, қалған адамдар өздері шыққан. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Күндізгі сағат 11 кезінде басталған өрт 12.23-те ауыздықталды.