Шымкентте мұғалімдерден ақша жинап келген директор істі болды

Қанағатсыз директордың әрекеті биыл наурыз айында ұстаздардың жанжал шығаруынан кейін мәлім болған. Ол кезде директор мектеп аттестациядан өтуі үшін мұғалімдердің жалақысының 30 пайызын ұстаған еді. Осыған шағымданған педагогтар журналистерді шақырып, дау-дамайдың басы телеарнамыздан көрсетілді. Сөйтіп, директор Ирина Кадирова жұмыстан босатылған болатын. Мұнан соң басшының қызметін тексерген жемқорлыққа қарсы қызметкерлері  2013 жылдан бері Кадирова ханым өз жалақысынан бөлек ай сайын 32 мың теңге қосымша алып келгенін анықтаған. 2 жылда миллионға жуық арам ақшаны қалтаған басқан директорға қатысты екі бап бойынша тергеу жүріп жатыр. 

Loading...