Шымкентте Назарбаев мектебінің оқушысы 13-қабаттан құлап мерт болды

Бұл туралы Elitar.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Қайғылы жағдай 30 наурызда орын алған. Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірім 13-қабаттан құлаған. Бұл оқыс жағдай болды ма, әлде суицид пе, ол жағы әзірге белгісіз.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаны растады. 


Қайғылы жағдайдың мән-жайын полиция анықтап жатыр.