Шымкентте облыстық онкологиялық диспансердің ақша қаражатын ұрлау жөніндегі іс тергелуде

"Күдікті қамауға алынды және оған қарсы ҚР ҚК 177-бабы, 3-тармағы, "б" тармақшасы (аса ірі көлемде жасалған алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Е. Құттыбаев.

Тергеу барысында бұл іске банк қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін деген күдік туындады. Мамыр айының соңында банк қызметкерлеріне де қатысты қылмыстық іс қозғалды.