Caravan Logo

Шымкентте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды

Шымкентте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды

Ақпарат көзінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы өзінің жұмыс бөлмесінде 120 мың теңге көлемінде пара алып жатқан кезде қаржы полициясы қызметкерлерінің қолына түскен.

Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растамағанымен, оны жоққа да шығарған жоқ.