Шымкентте өмірден қажыған жігіт көпірден секіріп өлмек болды


Төтенше жағдайлар қызметі қозғалысты тоқтатып қана қоймай, темір жол бойындағы тоқтарды да электрден ажыратуға мәжбүр болған. Өзіне қол ұшын беруге тырысқан құтқарушылар мен психологтарға жігіт өмірден әбден шаршағанын және өлгісі келетінін айтыпты. Өзі едәуір масайып алған. Бірақ көпірдің үстінен секірмек болғанда оны полицейлер мен құтқарушылар қуып жүріп, ақыры ұстап алды. Енді суицидке бейім азаматты мұндай жаман әдеттен күштеп емдеуі мүмкін.